Түркістан қаласында бизнесті қолдау және туризм бағытында жұмыс қарқынды

Түркістан шаһарында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Соның бірі бизнесті қолдау және туризм бөлімінің жанды жұмысы деп атасақ болатындай. Шаһар дамуының ең жанды, ең маңызды бөлігі осы сала екені жасырын емес.

Screenshot_15.jpg

Атаулы саланы ары қарай тарқатып айтар болсақ индустриалды аймақ қарқынды жұмыстар атқаруда. Мәселен 2022 жылы жоспар бойынша 48 жұмыс орнын құрайтын 3 жоба іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың біріншісі  «Баянды Құрылыс»  ЖШС деп аталып, ол  28 жұмыс орнын ашады деп жоспарланған. екіншісі «EuroBlock Production» болып, 20 жұмыс орнға шақталған. Үшіншісі «Оспан» ЖК  деп аталып, 6 жұмыс орнға арналған. 

Бүгінгі таңда осылардың ішінде «Баянды Құрылыс»  ЖШС мен «Оспан» ЖК  құрылысын аяқтап  қосу іске қосылып жалпы саны 37 жаңа жұмыс орындарын ашқан.

«EuroBlock Production» жобасы құрылыстарын аяқтап, тапсыру актісіні рәсімдеуде жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 3 млрд.теңге болатын және 166 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды және «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына»  ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Оларды тарқатып айтар болсақ «Ali Construction Group» ЖШС –29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. Сондай-ақ «TECHTRONIC STROY»ЖШС  20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын жасау жобасы. Келесі біреуі «Гүлзада»ЖК –20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы.

Шаһардағы енді бір өркендеп жатқан сала Шағын және орта бизнес болып саналады. Бұл бойынша 2022 жылдың 8 айында  шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 16052 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 15701 немесе 97,8 пайызды құраған. Белсенді ШОБ субьектілердің толық статистикалық есептілік тапсыруын қамтамасыз ету, олармен төленетін міндетті төлемдерінің өтелуін қадағалау,  бойынша статистика басқармасымен бірлесіп жұмыстар  жүргізілуде.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2021  жылдың 1 қараша айына «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 18 жобаны қаржыландырылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 1 бағыты аясында 7 жоба, 52 жоба кепілдендірілген. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласынан қайтарымсыз грант алуға 35 азамат өз жобаларын қорғап нәтижесінде 6 адамның жобасы қаралымда. Жалпы алғанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 142 жаңа жұмыс орындары ашылып тұрақты жұмыспен қамтылған. 

 Алдағы уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы» аясында «Ырыс» МҚҰ-ның Түркістан қаласына бөлінген қаражат есебінен басым бөлігі туризм саласындағы жобаларға қолдаулар көрсетілу жоспарланып отыр. 

Келесі өзекті әрі маңызды мәселе саналатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыс айтарлықтай оң нәтижесін беруде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде  Түркістан қаласы әкімдігі Е-Өтініш біріңғай ақпараттық жүйесіне тамыз қыркүйек айларында  22  (азық-түлік бағасының қымбаттағаны туралы) арыз-шағымдары тіркеліп қала әкімнің атынан «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» қаулысы шығып қаулы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  ERSOP  базасына арыз негізінде 10 пайыздық үстемақысынан асырған сауда орындары туралы ақпараттар енгізілген болатын алайда сауда құқық қорғау органы тарапынан 22 арыз шағымның 14 ғана рұқсатын беріп ERSOP базасына тіркелген. Ал, тіркелген 14 арыз шағымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204,4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес сауда орындарының басшылығына ескерту түріндегі шара көрілді. Алдағы уақытта ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табады.                                                                        

Түркістан шаһаының ең жанды жері саналатын негізгі капиталға тартылған инвестиция 142419,6 млн. теңгені құрап,  2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 106,0  пайызды құрады. Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 48322,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 49114,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 33604,5 млн. теңге,  банк кредиттері есебінен 8447,3 млн.теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен   2931,1 млн.теңге. Ал, 9 айлық есептік көрсеткіш бойынша 190,1 млрд теңгені қамтып 105,2 пайызды құрайды деп болжасдалуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер