Шаһарда алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда

image.png

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаса керек-ті. Отан отбасынан басталатынын ескерсек, сол отбасының жылуын арттырып, шуақ таратып отыратын аналардың қалауы мен жағдайы мемлекет үшін әрқашан маңызды болуға тиісті.

Бұл тақырып төңірегінде президент Қасым Жомарт Тоқаевтың өзі: «Көп балалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың барометрі. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Сапалы медициналық көмек, лайықты білім алған баладан отаншыл, мықты азамат шығады. Яғни, адам капиталын дамыту аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Аналарымыз отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы екенін ұмытпауымыз керек», - деп атап өткен болатын.

Осы орайда бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы Күзембаев көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады.

Марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіріп отырған сіздер, аяулы аналар. Сіздер табиғат сыйлаған табандылық пен іскерліктің, шыдамдылық пен қажырлы қайраттың арқасында әр салада қызмет етіп, тек қана ұл-қыздарыңызға ғана емес, жан-жаққа үлгі болып жүрсіздер! Сондықтан алдағы уақытта сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіздер. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін,”-деді, Ерлан Бақытжанұлы өз сөзінде.

Шаһарда жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл еліміз үшін өте қуанышты көрсеткіш. Биылғы жылғы көрсеткіштерге сәйкес, қаламызда 405-батыр ана бар. Оның 97-алтын алқа, 308-күміс алқа иелері.

Бүгін міне,  12 алтын құрсақты аналарымызға алтын және күміс алқа табысталып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер