Н.ТҰРАШБЕКОВ: Жүзеге асыратын жоспарларымыз бен жобаларымыз әлі де көп

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында алдағы реформалардың бағытын бес бағдар бойынша айқындап берді. Мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырту осы ұстанымдар арқылы жалғасын табады.

Өздеріңізге белгілі, саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып келеді. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану жөніндегі тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда өз нәтижесін беруде.

«Қуатты ұлттың діңгегі – халық». Бізге жүктелген негізгі міндет –  еліміздегі өзгерістер мен реформалардың халыққа қызмет етуін қамтамасыз ету.Осыған орай, Сіздерге Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар бойынша баяндап өтуге рұқсат етіңіздер!

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

Анықтама:Тұрғындардың пайыздық үлесі келесідей: қазақтар – 72,1%, өзбектер – 25,6%, орыстар – 0,8 және өзге ұлт өкілдері – 1,5%.

Түркістан қаласының аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан.  2022 жылдың 1 тамыз айына халық саны 194 774 адамды құрап, өткен 2021 жылғы көрсеткіштен 5,6% артқан (2021 жылы – 187 998).

ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ

2021 жылғы қаламыздағы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі     14,8 млрд.теңге көрсеткішке ие болса, биылғы жылы 9 айдағы мерзімінде 15,4 млрд.теңге болып, өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артты.

ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция келуі жоспарланып, нақты орындалуы 192,1 млрд.теңгені құрап,  көрсеткіштен 7,3 % артығымен орындалды.

Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданып, 761 млрд. теңге инвестиция келуі күтілуде. Оның ішінде биылғы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 млрд. теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылды.

“TURKISTAN” ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ

“TURKISTAN” ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА

«TURKESTAN» индустриялды аймақ қолданыстағы 350 га аумақты алып жатқан жер, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде.

Жалпы айтар болсақ 13,1 млрд. теңге қаржы тартылып, 1330 жұмыс орындары ашылып, 27 кәсіпорын іске қосу жоспарда бар.

Атап айтсақ 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылды, қосымша  857 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016-2023 жж. өнім көлемі 10,9 млрд. теңге болса, ал салық  түсімі осы уақыт аралығында 1 млрд. теңге құрады.

Ағымдағы 2022 жылы 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылуы көзделіп (1.«Асфальт бетон» зауыты, 2.«Газоблок» зауыты,                   3.«Газобетон» зауыты) қосымша қаламызда 54 жаңа жұмыс орындары ашылады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 109,4 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2% есеге артты.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың ш.м. құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілу үстінде. Мемлекеттік бюджеттен басқа ӘКК «Түркістан» АҚ – 33 үй (67,4 мың ш.м.) жеке инвестициямен – 80 үй (181,4 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда (87,4 мың ш.м.) 3,5 есеге артты.

Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді.

ТУРИЗМ САЛАСЫ

2021 жылдың 9 айында 1247,2 мың турист келсе, ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 1310,5 мың адамға жетті.

Оның ішінде 2021 жылы шетелден 4,4 мың адам келетін болса, 2022 жылы 4,8 мың адамға арту динамикасы байқалуда. 2021 жылы жалпы шаһарымызға 1417 мың адам келген.

Орналастыру орындарының саны:   2021 жыл 9 айында – 45. 2022 жыл 9 айында – 57Нөмірлер саны (бірлік): 2021 жыл 9 айында – 951. 2022 жыл 9 айында – 1191.

Төсек-орын саны (бірлік): 2021 жыл 9 айында – 1944. 2022 жыл 9 айында – 2467.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

– Халықты жұмыспен қамту, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылуда.

-Ұлттық жобаның «еңбек» бағыты бойынша 6 912 адам жұмыспен қамтылды.

-Аз қамтылған азаматтарға 3 727 отбасыға 1144,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

-Атаулы көмек алатын отбаслырға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілді.

Түркістан қаласында 4 ҰОС ардагеріне 1 миллион теңгеден және 409 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржылай көмек төленді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. Биылғы жылы 9 айында 3716 астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілді: 380 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 400 сурдо – тифлотехникалық құралдармен, 285 адам қол арбамен, 304 адам жеке көмекшілер қызметімен, 541 адам шипажайға жолдамалармен, 198 адам инватакси қызметімен, 13 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс атқаруда:

1.Тең қоғам;

2.Белсенді ұзақ өмір;

3.Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

ЕҢБЕК БАҒЫТЫ

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы атқарылуда. Ол бағдарлама аясында 6912 адам жұмыспен қамтылды:

3271 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды;

272 адам кәсәптік оқуға қатысты;

125 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды;

501 адам жастар практикасымен қамтылды;

843 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды;

24 адам мемлекеттік грантқа ие болды;

35 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданды;

992 адам бастау бизнес жобасына қатысты.

Бастау бизнес жобасы бойынша 1674 сертификат алып, 191 адамға емлекеттік грант берілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Түркістан қаласындағы мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары саны – 34, ал жеке мектеп – 26.  Жалпы оқушы саны – 50 841.

2 ауысымда 30  мектеп болса, 3 ауысымда 4 мектепте оқиды:

1) Қазыбек би атындағы №14 ЖОМ, 2) М.Жұмабаев атындағы №15 ЖОМ, 3) Изатуллаев атындағы ЖОМ, 4) №23 ЖОМ.

3 аусымға өту қауіпі бар мектептер:

Хамза №2 мектебі орын тапшылығы 183,

Ж.Жабаев №11 орын тапшылығы 151,

Н.Төреқұлов №8 мектебі орын тапшылығы 520.

2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).

2022 жылы – 1  жеке мектеп салынуда «Бірлік» м/а.

Алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда:

2023 жылы – 2 мектеп РБ (Әмір Темір 300, Баянауыл 600 орындық)

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады. (ӘІО 3 мектеп  6000, Яссы м/а 2 мектеп 2100, Отырар м/а 1 мектеп 1200, Бекзат 1 мектеп 1200 орындық).

Түркістан қаласында балабақшалар саны – 108.

Олардың 21- мемлекеттік болса, 87 – жеке меншік.

Жалпы балабақшадағы балалар саны – 15 144.

Сонымен қатар қаламызда, мектептен тыс 7 мекемелелер бар.

Үйірмелерге қатысатын оқушы саны – 4 556, Қазіргі таңда қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектептер бар.

АУЫЗ СУ бОЙЫНША

Түркістан қаласы аумағында  38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген.

2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5% болса, биыл 98,5% жетеді.

2023 жылы тағы 4-нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Мақтазауыт,1-2 м/а, Яссы-Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар).

Соның арқасында 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту толықтай 100% болады.

КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША

Түркістан қаласы аумағында  орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2%-ы (12 297 абонент) қамтылған.

2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3  сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.

Биылғы жылы жалпы 14 жоба іске асырылуда. Қазір 3 нысанның  құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қоса 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның ЖСҚ әзірленуде. Нәтижесінде 2022 жылы кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал     2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш – 80% қамтитын болады.

ЭЛЕКТР БОЙЫНША

Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонентінің тек          33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.

Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9% дан 94,7% артты.

Биылғы 2022 жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр атымен қамту (Диметов көшесі бойындағы тұрғын үй массиві 260 абонент) .

Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 94,7% дан 95,2% жетеді.

Сонымен қоса 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге 2,5 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоба құны – 4,2 млрд. теңге, нәтижесінде қосымша 9669 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда.

ТАБИҒИ ГАЗ БОЙЫНША

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонентке газ құбырлары жүргізілген.

Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны 2022 жылы  95% жетті.

2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер анықталды. Аталған абоненттер қосылса қамту көрсеткіш – 96% болады.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қала аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан (көпқабатты үй – 167, жеке және заңды тұлғалар – 145) жылумен қамтамасыз етіледі. Қала көлемінде 93,9 шқ.  жылу желісі бар. (магистральді 22,3 шқ, ішкі орам 71,6 шқ)

Қаладағы сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандарды кезең-кезеңмен ауыстырылуда. Биыл 1 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79%-дан 30% төмендеді.

Сонымен қатар, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы (ПСД) әзірленуде (Түркістан қаласы 1-2 м/а ішкі жылу желілерін қайта жаңғырту 2-кезек (магистральный линия). Құрылыс жүргізу 2023 жылға жоспарлануда. Нысан толық яқталғанда жылу құбырларының тозу деңгейі 30% дан 10% төмендейді.

ЖОЛ САЛАСЫ

Транспорт саласында 845 шақырым жол, 875 көше, оның ішінде 316,1 шақырым асфальт жол, 392,5 шақырым тас жол, 136,4 шақырым топырақ жол.

Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 40,3% артады:

Асфальт жол 340,9 шқ (40,3%),

Тас жол 471,0 шқ (55,7%)

Топырақ жол 33,1шқ (4,0%).

ЖОЛАУШЫЛАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (қанағаттанарлық жағдайда).

2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды. Оның 40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды (Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда).

2021 жылы түркістан қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленіп,Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «диспетчерлік орталық» қызмет көрсетуде

2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді.

Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілді.

ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

2021 жылы Түркістан қаласында 269 көшеге жарықтандырылған, үлесі      30,7% құрады.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4% құрайды (485 көше, 618,6 шқ).

Алдағы жылы 2023 жылы қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 82%-ға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда.

Жоспар бойынша қаламыздағы 272 көшеге (277,2 шқ.) жарық жүйесін орнату.

АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША

Жалпы қала ішіндегі 1-2 мөлтек аудан және «Отырар» мөлтек ауданы ішіндегі аулаларға толықтай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы сметалық құны 3 млрд. теңгеге жуық.

«Денсаулық» саябағы, «Төле би» саябағы, «Отбасы» саябағы, «Шығармашылық» саябақтары, Майкотов көшесінің бойы, «Тұран» тыным бағы, басқа да демалыс орындары жаңадан іске қосылды:

30 – саябақ, жалпы ауданы 225 га,

13 – аллеялар, сквер, алаң мен гүлзарлар жалпы ауданы – 42,2 га,

газон, көгалдар  256 га-ды құрайды.

ГИДРАНТТЫ ЖҮЙЕЛЕР

Қаламызда гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 6 кезеңге бөлінген.

1-кезең Ботаникалық бақ аумағы (трапеция) 611 га, 62 шқ іске қосылған.

2-кезең Б.Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы,

620 га, 110 шақырым іске қосылған.

3-кезең Қазыбек би мен Жарылқапов көшесі аралығы, Батыс Қытай Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 га, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде.

4-кезең Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс 320 га, 40 шақырым іске қосылған.

5-кезең Б.Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы 2023 жылға жоспар.

6-кезең Тұран аумағы гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспар.

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР

Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген.

Жалпы ирригациялық каналдар 22,5 шақырымды құрайды.

Р-33 каналы Қазыбек би саябағынан Б.Саттарханов даңғылы аралығы 3,4 шақырым,

Р-33,2 «Керуен Сарай», Инфекциялық аурухана аралығы 2 кезең 6,1 шақырым,

Ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін 4 шақырым,

Р-32,2 каналы Шекті Тілеу Жібек жолы көшесінің бойы 3,7 шақырым

Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал 1,1 шақырым,

Р-32 «Батыс Қытай -Батыс Еуропа» автожолы бойы 3,1 шақырым.

Р-32А Қалалық Емхана аумағы 1,1 шақырым

Б.Саттарханов даңғылы бойы (Желілік Саябақ)

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

2022 жылдың қаңтар айынан бастап  Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктері жүргізуде.

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын, 875 көше бар.

787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі.

787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қалған           651 көшесі қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Аталған 787 көшенің 39 көшесі орталық маңызы бар көше болып саналады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанға арнайы келіп, облыс зиялыларымен кездесу өткізгені баршаңызға белгілі. Осы сапар барысында Президент тұтас түркі жұртының ықыласы ауған Түркістанда орын алған өзгерістерге оң бағасын берді. Киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны барын, Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі екенін ерекше атап, киелі шаһарға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру туралы Үкіметке тапсырма бергенінің куәсі болдық.

Түркістанның үлесіне тиген өзгерістер мен берілген мәртебелер киелі мекеніміздің тарихи салмағын арттыра түсетіні сөзсіз. Президент ұлттың ұясы мен қазақтың қара шаңырағына балаған Түркістан келешекте де қадірі асып, құты тасыған киелі мекен ретінде сақталып, өркендеуі үшін біз жұмыс екпінін әлсіретпейміз. Жүзеге асыратын жоспарларымыз бен жобаларымыз әлі де көп.  Өздеріңізді де жақсы жаңалықтарымыздың куәсі әрі жаршысы болады деп үміттенемін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер