Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды

image.png

Балуан Шолақ спорт мектебінде Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Батырханұлы қала тұрғындарына мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бірінші қыркүйектегі жолдауын ортаға салынып, пікір алмасу жүргізді. 

Білім күнімен қатар келген мемлекет басшысының халыққа арналған жолдауында бұқараның ой түкпірінде жүрген көкейтесті мәселелері ортаға салынды. Президент экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына да назар аударды. Солардың қатарында ел болашағы үшін білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі жан-жақты бағамдалды. 

«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің 6-сессиясына қатысып, Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.

Саяси құжатта Президентіміз жаһандық пандемия жағдайында алдыңғы сапта тынымсыз еңбек еткен мамандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, басты міндеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақталықты сақтауға бағытталатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды. Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді. Қ.К.Тоқаев: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», деді.

Ендеше, ел тұрғындары Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Әсіресе, жеті экономиалық негізге сүйеніп, сенімді әрекет еткеніміз абзал»,- деді өз сөзінде Ғ.Батырханұлы.

Пікір алмасу бойынша іс-шараға қатысушылар еліміздің өркендеген мемлекетті қалыптастыру жолындағы одан әрі ілгерілеуінің стратегиалық бағытын белгілегенін, оған әрбір азамат өзінің лайықты үлесін қосуы керектігін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер