Мақсат-шикізатқа байланудан бас тарту

15.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту үшін бірқатар тапсырмалар бергені мәлім. Мәселен 2019 жылғы Жолдауында Президент:

-Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.    Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып,  экономиканы әртараптандыру керек.   «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында жіберілген барлық қателіктерді, олқылықтарды ескеруіміз керек. Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауға міндетті. Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет,-деген болатын.

Түркістан қаласында биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылуы көзделген. Оның бірі асфальт бетон зауыты, екіншісі,- газоблок зауыты, үшіншісі-газобетон зауыты. Нәтижесінде  қалада 54 жаңа жұмыс орындары ашылады. 

Биыл Түркістан қаласына 179,1 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.  Нақты 192,1 млрд.теңге инвестиция келіп, көрсеткіш 7,3 % артығымен орындалды. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында шаһарда 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданып, 761 млрд. теңге инвестиция келуі күтілуде. Оның ішінде биылғы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 млрд. теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түркістан қаласында биыл газоблок зауытын салу көзделуде. Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Газоблок ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан тиімді, жылуды сақтау сипаттамасы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді. Аталған материалдан құрылыс технологиясын жүргізу сондай бір қиындық тудырмайды. Арнайы құрылыс жүргізу білімі жоқ азамат та өз қолынан шағын қабатты үйді немесе қандайма бір құрылысты ешкімнің көмегінсіз өзі тұрғыза береді. Осы материалдан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды оңайлатады, ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады. 

Сонымен бірге «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында «Greenfield» типті және «Brownfield» типті өндірістік аймақтар да бар. Жалпы, аумағы 365 гектарды құрайтын «Greenfield» өндірістік аймағы мүлде жаңа, бұрын салынбаған, инфрақұрылыммен қамтылмаған жер телімінде, нақты айтар болсақ, Түркістан және Кентау қалаларының ортасындағы Оранғай ауылында орналасқан. Бүгінде онда бизнес нысандарын көтеру және кәсіпкерлікті дамыту үшін ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. «Brownfield» өндірістік аймағы Кентау қаласындағы бұрынғы Экскаватор зауытының аумағында орналасқан. Бұл аймақта өнеркәсіптік ғимараттар мен қажетті инфрақұрылымдар бар. Қалаға экологиялық әсері бар, қолданыстан шыққан зауытты жаңа технологиялық стандарттарға сай қайта жаңарту әрі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында аймаққа инвестициялық жобалар тартылуда. Ал, әуежай аймағы Кентау қаласына қарасты Шаға елді мекенінің маңынан орын тепкен. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына жүктелген болатын. Басқарушы компанияның инвестициялық портфелі жалпы құны 408 миллиард теңгені құрайтын 23 жобадан тұрады. Оның ішінде 115 миллиард теңге көлеміндегі инвестиция игерілді. Құны 1,16 миллиард теңге болатын «Неке сарайының» жобасы қолданысқа берілді. Құрылыс кезеңінде жұмыспен қамтылғандардың саны 5978-ге жетті. Аталған аймаққа келетін әлеуетті инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында 2043 жылға дейін оларды кеден салығынан, корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, қосымша құн салығынан босату және өтеусіз негізде жер телімін беру қарастырылғанын да айта кетейік.

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақта тіркелген 10,015 млрд. теңге сомасына 3 жоба қызмет түрін құрылыс пен пайдалануға беруден (құрылыстың аяқталуына байланысты) қызмет көрсетуге ауыстырды, сондай-ақ 1 жоба 147,706 млрд. теңге сомасына құрылысты әлі аяқтамай қызмет жүргізуге тіркелді. 2175 тұрақты жұмыс орны құрылды, барлық жобалар іске асырылғаннан кейін 7787 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Сондай-ақ, 237 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 4 млрд.теңгеге әлеуетті 4 инвестициялық өңдеу жобасы пысықталуда. Қазіргі уақытта «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақта қызметі түрлерін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Төлеби ауданындағы  «Қасқасу» туристік – рекреациялық орталығын жетінші субаймақ ретінде қосып, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақ аумағын 280 га кеңейту жұмыстары қолға алынған. Реті келгенде айта кетейік, өткен жылдардың қорытындысы бойынша «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Financial Times журналының «Global free zones of the year–2019» халықаралық рейтингісі аясында, әлемнің 5000 арнайы экономикалық аймағының арасында «SME Winner-Asia-Pacific» (шағын және орта бизнес бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағы жеңімпазы), «Editor’s choice awards-ones to watch» (редактордың бас таңдауы-әлеуетті инвесторларға назар аударуға лайық), «Bespoke awards» (арнайы марапат – үздік маркетингтік слоган: «Тарихты құрметтеп, болашақты құру») деп аталатын 3 номинацияны жеңіп алды. Мұнымен шектелмей, Түркістан қаласының брендін халықаралық деңгейде ілгерілету үшін Financial Times жариялаған «Болашақтың туристік орындары 2019/20» рейтингісіне қатысу нәтижесінде «Heritage Tourism» (мәдени туризм), «Infrastructure upgrades» (инфрақұрылымдық даму), «Special economic zones» (арнайы экономикалық аймақтар), «Up-and-coming Destination» (Перспективті мекен) сияқты 4 номинацияның жеңімпазы атанды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер