Жастарға жарқын болашақ сыйлау үшін

19.jpg

Биыл халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Біздің күшіміз – жастардың білімінде,-деп атап өткені белгілі.  Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауларында:

- - Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды. Осы бағдарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет,-деп жастар арасындағы спорттың маңыздылығына арнайы тоқталды. 

Жуырда Түркістан қаласының полиция басқармасының ұйымдастыруымен “Қауіпсіз қала” жобасы аясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінің директорларының және 300-ге жуық спорт мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында спорт мамандарының бала тәрбиесіндегі және күнделікті өміріндегі орны жайлы сөз қозғалып, қоғамға Еліміздің нағыз қорғаны болатын мықты азаматтарды тәрбиелеп шығару туралы ой-пікірлер талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - шаһар жастарына жарқын болашақ сыйлау үшін спорт секцияларына келіп жүрген қала тұрғындары мен жастардың арасында құқық бұзушылақтардың алдын алу. Осыған орай, жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Батырханұлы өз ой-пікірімен бөлісті. 

Расында, кейбір бапкерлерді балалар өз әкесіндей көреді, оларды үлгі тұтады. Олардан ақыл-кеңес алып, өз ойларымен, болашаққа деген мақсаттарымен бөліседі. Сол себепті, спорт мамандарының бала тәрбиесіне қосатын үлесі мол деп білеміз. 

Алдағы уақытта жастарамыздың жарқын болашағаның іргетасын қалауға бірігіп ат салысайық.

Айта кетері, «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ қылмыстар санын барынша азайтуды мақсат етіп, сонымен бірге қаланың тіршілік қызметін талдау бойынша операциялардың басым бөлігін автоматтандыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын және олардың қалалық қызметтердің жұмысына қанағаттануын арттыруды көздейді. «Түркістан - қауіпсіз қала» жобасы 3 негізгі бағытты қамтиды. Бірінші бағыт қылмыстылықты төмендету, ал екінші бағыт қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үшіншісі қоғамдық саяси ахуалға әсер ететін мәселелерді шешу. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы ұлтаралық қақтығыстардың туындау себептерін талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, экстремизм мен терроризм қауіпі бар сайттарды анықтау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік талаптарын арттыру, төтенше жағдайлар саласында талдау жүргізу, адамдар көп шоғырланатын жерлерде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүргізуде маңыздылығын көрсетіп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер