Жастардың да кәсіпкерлікке бар таласы

image.png

Жастар - болашақтың барометрі. Ескінің бір кісісі "Жасыңды көрсет, келешегіңді баяндайын" деген екен. Шынын да солай. Бүгінгі жас қандай - ертеңіміз сондай. Өйткені Ахметше айтқанда "Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы" . Әрине, елімізде жастар саясаты ілкімді істерімен айшықталып жүр. Жастар қолдаусыз да емес. Өйткені олар ертеңіміз, кемеңгер келешегіміз. Болашаққа жанашырлық бүгіннен басталады.

Бүгінде жастардың қай саладан да ойып тұрып алған орны бар. Әсіресе, ел жастары кәсіпкерлік саласында елеулі еңбек етіп келеді. Үкімет те олардың бизнес әлеміне дендей енуіне жағдай жасап, түрліше бағдарламалар әзірлеп жүр. 

Осы орайда  бүгін, Түркістан қаласы «Жоғары медицина» колледжінде жас кәсіпкерлерге арналған жобалар аясында жастарға бағыт бағдар беру мақсатында кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облыстық Кәсіпкерлік Палатасы » Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімі» басшысы Ыдырыс Әзрет Талғатұлы қатысты.

Кездесуде-жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекет елдің жас азаматтарын кәсіпкерлік қызметке тартуға әрекет жасайды, бұл, жалпы, барлығына да ‒ қоғамға да, азаматтарға да, мемлекеттің өзіне де тиімді. Екінші жағынан, басқа жас категорияларының арасында кәсіпкерлік, объективті себептерге байланысты, жаңалыққа жат емес, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жастардың рухына жақынырақ келеді, бұл дамыған елдерде жеткілікті түрде табысты пайдаланылып, белсенді ынталандырылады.

Жастар өздерінің еңбек қабілеттерін лайықты бағалай ала алмайтын бола тұра, еңбек нарығындағы жарамдылықтарын жиі асыра бағалайды.

Көптеген зерттеушілер жастар жұмысқа қабылдау кезінде жас ерекшелігі бойынша ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін атап өтті.

Ал кәсіпкерлікте жастық кезең, керісінше, салада табысты ілгерілеуге ықпал ететін фактор болып табылады деп сөз қорытындылады.

Айта кетейік, елімізде жастардың кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған бірқатар жобалар бар. Соның бірі һәм бірегейі "Zhas projeсt" бағдарламасы. Мұнан өзге "Бастау Бизнес" бастамсы да бар. Бұл бағдарламалардың дені жастар арасындағы жұмыссыздықты ауыздықтауға бағытталған. Neet санатындағы жастардың көбеймеуіне септесіп жатқан бағдарламаларды жан-жақты насихаттау, сол бағдарламаның игілігін көріп, кәсіпкер жүрген жастарды үлгі ету қажет-ақ.

Кәсіпкерлік - ел экономикасының маятнигі. Бизнес дамыса - ел өрісі кеңейеді. Әрине, жастардың кәсіппен шұғылдануы қөз қызығарлық. Өйткені жастар - прогресс. Ал прогресс әдетте өркендеуге сеп. Түркістан қаласында прогресс жастар көп. Себебі жұмақ мекенде жастарға қолайлы орта түзіліп, қолдау артып келеді. Қолдау бар да өркендеу бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер