Оңтүстік жұрты дарабоз ақынын еске алды

«Сайраған оңтүстіктің бұлбұлы еді». Осы тақырыппен жуырда Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Мәдени ауылында әдеби саз кеші ұйымдастырылды. Ол дарабоз ақын Сатыбалды Тілеуұлының 140 жылдығына арналды. 

Screenshot_3.jpg

Сатыбалды Тілеуұлы ақын табиғаты көркем Төлеби ауданында, Ақсу өзенінің бойындағы Мәдени ауылында өмірге келіп, өлең өлкесіне ерте қадам басқан. Ұжымшарды басқарып, елді мекеннің өркендеп, дамуына атсалысқан. Жауапты қызметтерді абыройлы атқарған азамат мемлекеттік қызметте жүрсе де шығармашылығынан қол үзбей, халық ақыны атанды. Көптеген ақындар айтысына қатысып, зерделі ой, ұтымды пікірімен жүлделі орындардан көрінген. Аға буын бүгінде ақынға ел еркіндігі мен ой еркіндігі қанат бітіріп, өнімді еңбек етіп, көптеген марапаттарға ие болғанын айтады.

Әдеби саз кешінде қаламгердің өмір жолы жөнінде баяндама оқылып, шығармалары мен ақын жайында баспасөзде жарық көрген мақалалар таныстырылды. Шығармаларының лирикалық көркемдігімен қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше ақынның 140 жылдығына орай, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылып, жыр додасында өнер көрсеткендер көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жыр аламанына қатысқан 10 ақынға демеушілер есебінен сыйлықтар табыс етіліп, иықтарына шапан жабылды. Сондай-ақ еске алу іс-шарасы аясында киіз үйлер тігіліп, қонақтар қымыз ішіп, құрт пен бауырсақтан дәм татты. Ауыл тұрғындарының қолөнер бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылып, жастар ұлттық спорт түрлерінен күш сынасты. 

Ауыл тұрғындарына керемет рухани демалыс сыйлаған ауқымды іс-шараны ұйымдастырған ақынның ұрпақтары мен ауыл тумасы, меценат Батырбек Көшербай халықтың ыстық ықыласы мен ақ батасын алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді?»: Аягүл Миразова
  • Түркістан: Сарыағаш ауданында 28 түрлі кондитерлік өнім өндірілуде
  • Жеңіс ауыл округінде «Жасөспірім және Заң» атты жиын болып өтті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбар ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбарсу ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер