Қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында басқа халықтардан әсте кем болмаған. Мұның дәлелдерін көптеп келтіруге болады. Соның ішінде, мәселен, біздің арғы ата-бабаларымыз осыдан алты мың жыл бұрын қымыз дайындауды меңгерген. Сол сияқты, сақ моншасының да тарихи тамырлары тым тереңде жатыр. Бұл әдісті халқымыз «тас бұлау» деп атайды. Және де мұндай әдістің ең керемет көрінісі – «сақ моншасы», немесе, «патша моншасы».
Ежелгі дәстүрді, тәсілді бүгінде қайта жаңғыртып жатқан азаматтарымыз бар. Сақ моншаларының көбеюі өңірдің туризм саласына өзіндік үлесін қосуда. Ал егер ол табиғат аясы мен тау бөктерінде орналасқан болса...
Міне осындай демалыс орындарының бірі Қасқасу шатқалында орналасқан «Aura tau»демалыс аймағы. Бұл нысанның басты ерекшелігі де сақ моншасының болуы. Тау көрінісі, таза ауа, арқырап аққан өзен. Міне осындай табиғат аясында монша түсіп, тәнің мен жаныңды тазартып, түрлі сырқаттардардан айығуға болады. Себебі сақ моншасының басты ерекшелігі – оны жаққаннан бастап түсіп шыққанға дейінгі екі аралықта отқа қып-қызыл болып әбден қызған тастарға бүріккен судың ыстық буына емдік қасиеттері бар түрлі шөп пен ағаш бұталарының шылануы деуге болады.
Демалыс орнында моншаға түсіп қана қоймай асханасынан түрлі тағамның дәмін татуға болады. Бүгінде келушілер қатары артып келе жатқан демалыс аймағының басшылығы алдағы уақытта нысанды кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобада үлкен бассейн, жайлы қонақ үйлер, жазғы тапшан, паркинг, тағы да басқа нысандар қарастырылған.
Егер отбасыныңызбен, әріптес, дос-жарандармен керемет демалысты қаласаңыз «Aura tau»-ға келіңіз. Бұл жерде мерекелік кештерді де керемет ұйымдастыруға мүмкіндіктер қарастырылған.
Толығырақ бігіңіз келсе төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8 (778) 900 99 69