Демалыс туризмінің құлашы кеңге жайылып келеді

image.png

Туризмнің жиырмаға жуық түрі бар. Соның ішінде кең тарағаны – демалыс туризмі. Жыл сайын жаз келгенде жұрт еңбек демалысына шығып, өзі тұратын елдің ішіндегі немесе шетелдегі демалыс орындарына барып демалғанды ұнатады.

Төле би ауданында  демалуға қолайлы, көрікті жерлер аз емес. Туризмнің табыс көзі екенін жақсы білетін жергілікті әкімдік соңғы жылдары өңірдің туризм саласына айрықша көңіл бөліп келеді.  Бұл саланың гүлденуіне кәсіпкерлер де ат салысуда. Міне, осындай бірлескен еңбектің арқасында бүгінде ауданда 80-ге жуық демалыс орындары ашылған. 

image.png

Солардың бірі қонағы үзілмейтін  "TAU-БУРГУЛЮК" демалыс кешені. Қаланың у-шуынан қашып, тыныш жерді іздеп келген жандарға таптырмас орын.  Көркі аңызға айналған Біркөлік шатқалының баурайында орын тепкен  нысанда жаның жай тауып, көңілің рахаттанады. Тау суына түскің келсе 12 метрлік бассейн дайын тұр. Ал мұндағы ыстық моншадан кейін жеңілденіп, дәмді тағамдардан дәм татуға болады.

image.png

image.png

 Сондай-ақ жақын адамдарыңызбен караокеде ән салсаңыз жаныңыз жадырап сала бермек. Асты өзі әзірлейтінді ұнататындар үшін барбекю алаңы қашанда ашық. Тамақтанып болған соң спорт алаңшасында сергіп алсаңыз болады. Ал түн тыныштығы үшін жайлы коттедждер сізді күтеді.  

image.png

image.png

Ал осындайй қызықтың бәрін достарыңызбен бөліскіңіз келсе, мархабат, мұнда  Wi-Fi  желісі тартылған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды
  • Түркістандағы қонақ үйлер туристерге толды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер