Түркістан облысының делегациясы қытай инвесторларымен меморандумдар жасады

image.png

Түркістан облысы және ҚХР Шаньнуднг өлкесі арасындағы ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығы байланыстарын арттыру бойынша меморандумдарға қол жеткізілді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Түркістан облысынан барған делегация кезекті іссапарын ҚХР Шаньдун өлкесінің ірі өнеркәсіптік қаласы Ляочен қаласында жалғастырған. Ляочен қаласында Ляочен және Линьцин қала әкімшілігі басшылары және өндірістік кәсіпорындарының қатысуымен үлкен кездесу өткізілді. Кездесуде Түркістан облысының экономикалық жағдайы және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде презентация жасалды. Ляочен және Линьцин қалаларының өкілдері де өздерінің экономикалық әлеуеттерін таныстырып, Қазақстан Республикасымен сауда- экономикалық мүмкіндіктерін ортаға салды.

Кездесу қорытындысымен, Түркістан облысының Сайрам, Сауран, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандары, Кентау қаласы әкімдіктері және ҚХР Ляочен және Линьцин қалалары арасында ынтымақтастық, экономикалық, сауда, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалардағы қарым қатынасты нығайту жөнінде арнайы маңызды меморандумдарға қол қойылды. Сонымен бірге «Turkistan invest»  ЖШС де Қытай компанияларының бірімен меморандум жасай білді. 

Меморандумға сәйкес, қол қойылған өңірлер әкімдері екіжақты мәселелер бойынша тұрақты байланыс орнатып, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыс жүргізеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер