Президент Жолдауында экономикалық реформалардың маңызды бағыты ретінде еліміздің берік өнеркәсіптік негізін қалыптастыру мен экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше тоқталды.
Қазақстанға Атом электр стансасы керек. Мұны халықтың көпшілігі жақсы түсінеді. АЭС-ті кәсіби тұрғыда түсінетін, оның елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік саласына әсері зор екендігін айтып жатқан мамандардың пікірін назарға алсақ. Елімізде атом мамандары, энергетиктер, ғалымдар бар, олардың қатарында АЭС-ті қолдап отырғандар аз емес. Бүгінде экономиканың дамуы электр қуатына байланып тұр. Ол жасырын емес. Электр қуатын дамыту үшін атом энергетикасын да дамытуға негіз бар. Барлық энергия түрлерін дамыту жан-жақты қарастырылуда.
Атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс. Энергетика әрқашан кез-келген саладан алда келеді, егер оны дамытпасақ, бізде ешқашан экономика болмайды. Мұндай жағдайда біз сатып алатын және сататын республика боламыз. Өз басым өзіміздің ғалымдарымызға, ғылымымызға сенемін. Бұл атом бомбасы емес, электр энергиясын өндіру. Бұл жаңа өнеркәсіптік өндірістерді құруға мүмкіндік береді, осылайша ел экономикасы едәуір көтеріледі.
Инара Намазбаева,
Түркістан облысы Азаматтық Альянс ЗТБ-нің Президенті