Түркістанда жаңа перзентхана салынады

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталған соң, екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті деп хабарлайды Ақ Орданың ресми сайты. Солардың бірі – Түркістанда перзентхана салу туралы келісім.

Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхананың құрылысын салу және қаржыландыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің ратификацияланғаны жарияланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан дәрігерлері тағы бір бауыр ауыстыру операциясын жүзеге асырды
  • Түркістан облысында былтыр бір тоннадан астам есірткі тәркіленді
  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер