Қала әкімі Сауран секторының тұрғындарымен кездесті

image.png

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырып, тұрғындармен ашық диалог орнатты.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар жол сапасы мен қауіпсіздігі, тұрғын үй аулаларының тазалығы, ойын алаңшалары мен қоғамдық көлік қатынасы, инфрақұрылым сапасы сынды  мәселелерді көтерді. Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда А.Жангелдин көшесінде жаңа ойын алаңшасын салу, Б.Майлин көшесіндегі айналма жолда МАФ орнату, сондай-ақ №1,2 мөлтек аудандарда аулалық аумақтарды абаттандыру, ойын алаңшаларын ағымдағы жөндеу және жарық шамдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

image.png

Сондай-ақ, О.Жарылқапов көшесінде жол белгілерін орнату, Әл-Фараби көшесінде жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, Энергетиктер көшесінде аулаішілік абаттандыру жұмыстары бастау алды.

Сонымен қатар, сектордағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге су жүйелерін тарту және қайта құру бойынша 2-кезек жобасы әзірлену үстінде. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымын тыңдады.

Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі бүгін, 28 мамыр күні 15:00де - Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте, ертең, 29 мамыр күні сағат 10:00де- Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы-дала орталығы» кешенінде, 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте жалғасады.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ерекше жандар елеусіз қалмауы керек
  • Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда
  • Қала әкімі Сауран секторының тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілмек
  • Түркістанға шетелдік инвесторлар қызығушылыө танытып отыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер