Журналистика саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар Уәли Қыдыр «Turkistan Media Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев таныстырды.
Уәли Қыдыр 1975 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын «Заң» басылымдарында редактор болып бастады. 2001 жылы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2002–2009 жылдары республикалық «Заң» газетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарды. Бұдан кейін «Нұр-Астана» газетінің Алматыдағы бөлімін басқарды, сондай-ақ «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болды.
2012 жылы – «Қазақ радиосы» директорының орынбасары, 2013 жылы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының директоры қызметін атқарды. Ал 2024 жылдан бері «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры лауазымында болды.
«Turkistan Media Holding» ЖШС-не бұған дейін жетекшілік еткен Жанахмет Ағыбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылған болатын.