Н.Назарбаев: «Туризм-экономиканың маңызды бөлігі»

Screenshot_1.jpg

Елбасы Түркістан қаласына жасаған сапары барысында  облыс әкімдігінің жаңа ғимаратында болып, Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын қайта құру жұмыстары бойынша аралық нәтижелерімен танысты. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады. 

Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауының жұмысы туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ, Елбасыға туризм индустриясын дамыту, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобалар таныстырылды. Қазақстанның Тұңғыш Президентіне болашақ «Түркістан» халықаралық әуежайының және 600 орындық көпбейінді аурухананың үлгілері көрсетілді.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелері туралы мәлімет ұсынылды.

Елбасы сапар қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Тұңғыш президент Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.

– Өткен жылы облыс орталығын көшіру туралы жарлыққа қол қойған соң ауқымды құрылысты бастадық. Бүгін мен орасан зор ғимараттарды аралап көрдім. Көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, жастар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, халықаралық әуежай салынады. Су ресурстарымен қамту саласындағы мәселелерді шешу жоспарланған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкімдіктің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

– Бір жыл ішінде көптеген жұмыс істелді. Келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшыларын саммитке шақыруды жоспарлап отырмыз. Егер олар қатысуды растаса, біз оны Түркістанда өткізуіміз мүмкін. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Түркістанның дамуын қолдап отыр. Әрбір үй, әрбір қала – бұл Қазақстанның байлығы. Елорданы салған кезде қаржыландыруға байланысты сұрақтар болған еді. Енді Нұр-Сұлтан қаласы барлық шығындарды өтеп, жыл сайын бюджетке триллиондаған кіріс әкеліп отыр, - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан мен бүкіл өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз мұнда көптеп туристерді тартуымыз керек. Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды. Туризм – экономиканың маңызды бөлігі. Мұнда көптеген мұражайлар бар. Қазір «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жұмыстары жүргізілуде, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер