"Қазтрансгазбен" және басқа да мекемелердің келіспеушіліктерінің салдарынан 78 ауыл табиғи газсыз қалып кеткен. Бұған байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғау орындарына тапсырма бергенін бүгін ел алдындағы есебінде айтты.
– Былтыр біз келгенімізде үлкен проблемаға жолықтық. 2013-2014 жылдары облыста газ құбырлары, агрестер салынған. Бірақ, "Қазтрансгазбен", басқа да мекемелердің келіспеушіліктердің салдарынан 78 елді мекенде құбырлар тартылған болса да газ жоқ. Мен бұл мәселемен Президентке дейін бардым. Президент тапсырма берді. Сол 78 елді мекеннің 60 шақтысы қазіргі таңда газға қосылды. Мұның ішінде әр түрлі мәселелер бар. Тапсырыс берушілердің кінәсі де бар. Бұған байланысты құқық қорғау органдарына тапсырма бердім. Түбіне дейін жетіп, бәрін қалпына келтіруіміз керек, – деді әкім.