100 жасаңыз, Әкім аға!!!

Screenshot_2.jpg

Әкім Әбдіхайымұлы Ысқақ - Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, Қазақстанның 1997 жылының «Жыл адамы», ақын, сазгер.

Әкім Әбдіхайымұлы Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылында туған. 1977 жылы өзі туып өскен жердегі Абай атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған.

Екі мамандықтың иесі: Шымкент педагогтық институтын бітірген, физика және еңбек пәнінің мұғалімі, Алматы мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 2008 жылы Германияның Шпайер қаласында Әкімшілік ғылымдар жөніндегі Неміс университетінде мемлекеттік қызметкерлердің курсында оқып, білім алған. Жалпы Әкім Ысқақ туралы көп нәрсе айтуға болады. Өмір бойы өзінен кейінгі жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде. Бүгінде міне, Әкім Ысқақ-60 жасқа толып, мерейтойын өткізуде. Әкім Әбдіқайымұлы жайлы сөз болғанда, оның еңбектерін түгендеп шығу мүмкін емес. Өйткені ол қоғамға түрлі қырынан танылған адам. Әкім ағаның еліміздің түпкір-түпкірінен тілеулестері, қолдаушылары өте көп. Әрдайым талмай еңбек етіп,өзінің шығармашылығын да жалғастырып жүр. Шығармашылығына тоқталатын болсақ, көптеген жазған кітаптар, өлеңдері, эссе т.б халық арасында тарап, тіпті мектептің оқулықтарында да оқытылып жатыр. Олардың ішінде «Жүректегі жазулар» мен «Адам іздеп жүрмін» деген күнделік эсселері мектеп оқулықтарына енгізілген. Халық арасында Әкім Ысқақ «Бай әке» деген атқа ие болды. 

ШЫҒАРМАЛАРЫ: «Қарлығаш» (өлеңдер), жас ақындар жинағы, «Жалын» 1987 ж., «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» (ұжымдық жинақ) «Жалын» 1992 ж., «Бір физиктің махаббаты» (сықақ өлеңдер) «Жібек жолы» 1993 ж., «Айтшы өмір!» (өлеңдер жинағы) 1994 ж., «Үш жүздің басын қосқан Ордабасым» (тарихи танымдық кітап) «Жібек жолы» 1994 ж., «Абзалдық әліппесі» (күнделік-эссе)1996ж.,«Көш-керуен»,«Атамекен армысың, елім-жұртым бармысың?», «Отаным – Қазақстан!» үшеуі де Қазақстан Республикасы Парламентінің баспаханасынан 1997 жылы шықты. «Гүл қауызындағы тамшы» (өлеңдер жинағы), «Нұрлы әлем» 1998 ж., «Адам іздеп жүрмін», (күнделік-эссе) «Нұрлы әлем» 1999 ж., «Бақыт жолы» (әндер жинағы) 2001 ж., «Жүректегі жазулар» (күнделік-эссе) «Күн ұлымын» (өлеңдер) «Сенім» баспасы 2002 ж., «Жан жаңбыры» (өлеңдер жинағы) Астана, «Елорда, баспасы,2003 жыл,«Бек» атты эссе кітабы,2004 ж. «Біздің Бапақ»(сатиралық өлеңдер ). «Ғасыр» баспасы, 2005 жыл. «Жүрек дәптері», «Өмір, сені сүйемін!» (шығар.жинағының 2 томдығы) «Астанаполиграфия» баспасы 2010 жыл, «Тұңғыш генерал» журналистік зерттеу кітабы, «Астанаполиграфия» баспасы 2010 жыл

2011 жылы «Махаббат хаттары», «Әке аманаты», «Ақсауытты Ақтамберді» атты кітаптары жарық көрді. Орыс тілінде «Записки сердца», «Мелодий дождя» атты кітаптары жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түрікмен, қырғыз тілдеріне аударылған.  Жалпы, Әкім ағаның керемет сөзі бар «Көп нәрсе керек емес, көңіл керек» деген, яғни бұл кісі адамның ниеті мен көңілін ең жоғарғы орынға қояды. Жасай беріңіз, Әкім аға!!!!


Ләззат Әкімқызы-«Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығы фииалы, білім кешенінің директоры


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан қалалық ор­та­лық ауруханасында оттегі беке­ті іске қосылды
  • Түркістан зертханалары ковид бойынша тәулігіне 5000 сынама өткізуге дайын
  • Бас дәрігер қайырымды жандарға алғысын білдірді
  • Кешке дейін жоспарланған жәрмеңке түсте тарап кетті
  • 100 жасаңыз, Әкім аға!!!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер