Екпені 10 мың адам салдырды


6..jpg

«Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдлауында осылай деген болатын.   

Қазіргі уақытта індеттің алдын алудың ең тиімді жолы-ауруға қарсы екпе салдыру. Осы мақсатта Түркістан облысында 3-наурыздан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" екпесі негізінде Қарағанды қаласында дайындалған екпені егу жұмыстары басталған болатын. 1 компоненттік 8 600 доза - медицина, білім саласы, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай және қорғаныс саласы мен мемлекеттік қызметкерлерге егілді. 

Ал наурыздың 25-нен бастап 8 600 дозаның 2-ші компонентін қабылдау басталады. Жалпы облыста екпе қабылдағандар саны қазіргі таңда 9 900 адамға жетіп отыр. Вакцинаның жеткізілуіне қарай алдағы уақытта халықтың осал топтарына ерікті түрде егіледі деп жоспарлануда. Covid-19 инфекциясына қарсы егу жұмыстары қала, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіліп жатыр. 

Айта кетерлігі, ақпан айында Түркістан өңіріне Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасының 1 300 данасы жеткізілген болатын. Екі компанентті екпені алдымен медицина қызметкерлері қабылдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады
  • Аурухана жаңа құрал-жабдықпен жабдықталды
  • Ақсукентте жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде
  • Манкентте жылдық жоспардың 72 пайызы орындалды
  • Суға деген тапшылық болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер