Бір алқаптан 2-3 рет өнім алынады


  10.jpg

Былтыр мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққаь арнаған кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына арнайы тоқталды. 

- Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет,-деген болатын президент.      

Осы тұрғыдан алғанда Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі жетісіктер, алға қойған жоба-жоспарлардың барын айта кеткен жөн. Мәселен,  Төлеби ауданында биыл 65 мыңнан астам гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі. Атап айтқанда, диқандар 21,5 мың гектарға - дәнді дақылдар, 11,6 мың гектарға - майлы дақылдар, 24,9 мың гектарға - ескі жоңышқа, 4,6 мың гектарға - жаңа жоңышқа егуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 1825 гектарға - көкөніс, 1352 гектарға - картоп және 80 гектарға -сүрлем жүгері егілмек. 

Ауданда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің  тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы жанданып келеді. Биыл осы бағыттағы жобалар санын 170 бірлікке жеткізу көзделген. Сондай-ақ, ауданда 1 гектар аймаққа жылыжай салынып, 80 гектар қарқынды бау егілетін болады. Сонымен қатар, 250 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілмек. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер