Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығындағы негізгі міндеттер ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуді, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейтуді, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыруды тапсырғаны белгілі.
Түркістан облысы Шардара ауданында өткен жылы 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған. Биыл 11 578 гектар аумаққа бақша өнімі дақылы егіліп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Жиналған өнімдер негізіненен экспортқа жөнелтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабаралуынша, сондай-ақ, ауданға 1 926 тонна егістікке арналған тыңайтқыш бөлінген. Атап айтқанда, 931 тонна селитра, 530 тонна аммафос, 340 тонна сульфат аммоний және 125 тонна карбамид тасымалданды. Қосымша "Қазазот" ЖШС мекемесіне 700 тонна тыңайтқыш алуға өтінім берілген.
Жалпы айтсақ, қазіргі таңда аудан бойынша 59 300 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, диқандардың бақша және мал азығы саналатын дақылдарды егу көрсеткіші артып келеді.