Жетісайда 90 отбасы баспаналы болды

5.jpg

Түркістан облысы Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып қуанышқа кенелді.

 Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданы  әкімдігі аудан аумағында тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналарды, сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлермен қамтамасыз етті.  Бұл үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында былтыр сатып алынған болатын.

 Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек көпбалалы аналарға салтанатты түрде пәтер кілтін ұсынды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Шынымды айтсам күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білмедік. Бұл жаңалық біздің отбасы үшін үлкен тосын сый болды. Бұған дейін біз аядай жерді жалдап күнелтіп келдік. Енді міне, өз пәтерімізге де қол жеткіздік. Атсалысқан барша жандарға алғыс айтамын»,- деді көпбалалы ана Зухра Сахиева.

«Үйсіз азаматтардың қатарын азайту - біздің басты мақсатымыз» - деген аудан басшысы Мұрат Болатұлы баспана салу ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты. Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған әрбір азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарыла бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шардарада қауын қақ өндіретін цех ашылады
  • Шардаралық диқандар биыл 300 мың тонна өнім алады
  • Түркістанда 170 миллион көшет егіледі
  • Мақтааралда биыл 8 мектеп пайдалануға беріледі
  • Түркістанда 82 тұрғын үй салынып жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер