Түрленген Түркістанға саяхат

        6.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес арнайы ұйымдастырылған сапарға Бәйдібек ауданының 50-ге жуық ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жаңарып, түрленген түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласын аралады. Аудан ардагерлері алғашқы саяхатты Түркістан қаласының «Сапар орталығынан» бастап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Содан кейін санғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» орталығы мен «Алтын Самұрық» ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалады. Сондай-ақ «Керуен сарай» кешеніне саяхат жасады. Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген бәйдібектік ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және ардақты аналар аз уақыт ішінде рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергенін айтып, ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді. Түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.

Ардагерлердің Түркістанға сапары барысында арнайы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлері бірге жүріп, карантиндік талаптар толығымен сақталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер