Ғалымдар «Жасыл аймаққа» қатысты ақыл-кеңестерін білдірді

9.jpg

Ғалымдар Түркістанның «Жасыл аймағын» құру бойынша өздерінің ұсыныстарын білдірді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 А. Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты басқармасының төрағасы Әлімжан Нұрсұлтанұлы Рахымжанов осы жөнінде өз пікірімен бөлісті:

-Түркістанның "Жасыл аймағы Нұр-Сұлтан қаласының “Жасыл аймағының" аналогы ретінде құрылуда. Бүгінгі таңда елді мекендерде көгалдандырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған Жасыл аймақ құрылған. Тек климаттың қолайсыздығы кедергі. Жазда ауаның температурасы 35 градустан асады. Ылғалдылық өте төмен. Жауын-шашын өте аз. Үлкен жұмыс атқарылуда. Питомниктер құрылуда. Түркістан маңында 30 мың гектар алқапта "Жасыл аймақ" құрылады. Мұнда ыстыққа төзімді ағаш түрлері отырғызылады", - деді сарапшы.

Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ормандарды молайту және орман өсіру бөлімінің бастығы Светлана Кабанова ғалымдарға "Жасыл аймақ" құруда ақыл - кеңесімен бөлісті. 

"Қалалардың айналасында "жасыл аймақтар" құру - өте маңызды іс-шара. Біз Қазақстан қалаларының айналасында "жасыл аймақтар" құру және сақтау жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар бере аламыз. Түркістанның айналасында атқарылған жұмыстар, бұл -  титаникалық еңбек, қажырлы жұмыс. Себебі осындай климаттық жағдайында бұл "жасыл аймақты" құру өте қиын. Ауа температурасы өте жоғары, құрғақшылық. Бұл жайттар кері әсерін тигізері сөзсіз. Көгалдандыру жұмыстарында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін беруде", - деді Кабанова.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер