Мақтаарал: өнімнің 80 пайызы экспортталды

10.jpeg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыруды, ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыруды тапсырғаны белгілі. 

Мақтаарал ауданында биылдың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті. Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 34,9 мың гектары мақта дақылы. Сонымен қатар, 622 гектар көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат және қызылша дақылдарынан 20 048 тонна өнім өндірілген және оның 80 пайызы шетелге экспортталған. Бұл туралы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов өңірплік коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте мәлім етті.  

Мақтааралдық диқандарға ағымдағы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 6,55 гектар жерге жылыжайлар құрылған. Сондай-ақ, 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалған.

Аудан басшысы жайылым жердің жоқтығына қарамастан мал басының саны артып жатқандығын да атап өтті. Яғни, малды жайылымда баққаннан көрі үйде ұстап бордақылайтын шаруалардың саны арта түскен екен.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бағдарламасына енген. Осы арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Нәтижесінде, егістік алқабтарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер