Тұрғындардың мәселесі оң шешіледі

18.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында келтірілген «халықтың үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Төлеби ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы Төлеген Телғараев аудан әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды арыз – шағымдары бойынша қабылдады. 

Аудан басшысы тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерін тыңдап, қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев, бөлім басшылары, Nur Otan партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қ.Қансейітов қатысты. 

Қабылдауға жазылған Леңгір қаласының тұрғыны Г.Досымбекова жоғары кернеулі электр трансформаторының тұрғын үй аумағында орналасқанын, қондырғыдан келер қауіп бар екенін айтып, оны басқа орынға ауыстыру мәселесін көтерсе, Амангелді көшесі тұрғындары атынан келген Р.Жұманова өздері тұратын аумаққа балалар алаңшасы қажет екенін айтып, жаз мезгілінде көшенің кішкентай тұрғындарының ойнайтын алаңы жоқ екеніне шағымданды. Алатау ауылдық округ тұрғындары К.Жакипова, М.Оңғарбай ауыз су мәслесін көтерсе, Н.Аширбаева тұрғын үй кезегінде бар екенін және де кезегі қай кезде келетінін сұрап, баспанаға зәру екенін айтып, көмек сұрады. 

Төлеген Тұртайұлы қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселелерін тыңдап қана қоймай, оны шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, көтерілген жәйттар өз кезегімен шешілетінін түсіндірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер