Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тапсырылған «Халықтың үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға ауыл округ әкімдері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік көмек, ауыз су, жол, тұрғын үй, ағын су, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өтініштерін айтып келді. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Жамбыл елдімекенінің тұрғындары, тұрғын үй, ауыз су, жол, мәселелері бойынша шағымдарын жеткізіп, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде Мұрат Болатұлы ауыз су мен жол салу бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, қолға алып шешіп беретінін жеткізді. Келесі атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне тұрып үй алу, үй салу үшін жер сұраған тұрғындарға заң аясында кеңестер беріп, оң шешілуіне ықпал жасайтынын жөнінде түсіндіру жұмыстарын жасады. Өз кезегінде аудан әкімі қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып тұрған ауыз су бойынша «Бізге бірінші кезекте инфрақұрылмдарды жолға қойып алуымыз керек. Азаматтарды таза ауыз су мен қамтамасыз етуді жеделдете отырып шешуге тиіспіз. Таза ауыз су арқылы біздер қаншама тұрғындардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, сол арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыра аламыз» деді Мұрат Болатұлы