Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тапсырылған «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауылдарды аралап, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкім аудан прокуроры Бақыт Сейфолламен бірге Алпамыс батыр ауылдық округінің ақсақалдарымен, ауыл билерімен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ағын су, жайылым жер сонымен қатар инфрақұрылым мәселері жайлы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары берілді.
Атап айтсақ алдымен Алпамыс батыр ауылдық округінде болған аудан басшысына ауыл тұрғындары округ аумағынан өтетін Ащынау каналындағы ағын су мөлшері аз екенін айтып, су жетіспеу себептері айтылды. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала басшыларына ағын су деңгейін бақылауға алу сондай-ақ канал бойындағы құбырларды біртіндеп аралап, тексеріп нақты мәлімет пен ұсыныстарды дайындауды тапсырды.
Кездесу барысында ауылдық округінің жайылым жерін кеңейту мәселесі де көтіріліп, аудандық жер қатынастары бөлімі мен ауыл әкіміне заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырма берілді. Инфрақұрылым саласы бойынша қойылған сауалдар мен өтініштер назарға алынып, округ аумағындағы жеке меншік трансформаторларды ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма жүктелген болса, ауылдық округінің ішкі көшелеріне шағал тас төсеу бойынша да тиісті бөлімге нақты тапсырма берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша хаттама толтырылып, орындалуы бақылауға қойылды.