Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы аудандық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуында, азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген болатын.
Осыған орай, Отырар ауданында «Евгеника» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жания Әлшериева, аудандық мәслихаттың депутаты Айнұр Сыздықәлі, Отырар аудандық ХҚКО басшысы Нұрбол Маханбет және аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің басшыларының қатысуымен азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында 17 тұрғынға тұрғын үй, жер телімдері, жұмыспен қамту және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламары бойынша кеңестер мен құқықтық көмектер көрсетілді. Қоғамдық қабылдауға келушілердің басып көпшілігі өздерінің сұрақтарын қойып, жауапты мамандардан тұщымды жауаптарын алды.