Ордабасылықтар газоблок өндіруді қолға алуда

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында Индустрияландыру әлеуметтік мәселелерді шешіп, табысты арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ азаматтардың жаңа ментальдігін қалыптастырып, заман талабына бейімдеу үшін де маңызды екендігін атап өткен болатын. Сондай-ақ, өңірлерде өндіріс орындарын көптеп ашу жөнінде әкімдерге нақты тапсырмалар берді. 

image.png

Биылғы жылы Ордабасы ауданында индустриалдыру бағдарламасы бойынша біршама жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Солардың бірі, "Бадам" индустриялды аймағында автоклавталған газоблокты өндіру зауытының жобасы іске аспақ. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өндіріс орнындағы жұмыс барысымен танысып, алғашқы кірпішінің қалануына куә болды. «RZN» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асыратын бұл жобаның жалпы құны 1,6 млрд. тг. Құрайды. Ал, толығымен іске асқанда 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биылғы жылы индустрияландыру картасы аясында Ордабасы ауданында бұдан өзге 3 жоба жүзеге асып, 315 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 

Атап айтар болсақ, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай-химия өңдесе, «NA Constraction» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауытын салмақ. «Александровский сад» ЖШС көкөніс сақтау қоймасының іске қосады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер