Кәсіп бастаушылар көбейіп келеді

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысында кәсібінен нәсіп тауып отырғандар көбейіп келеді.

image.png

Арыс қаласының тұрғыны, 24 жастағы Айдос Досымжан ұзақ уақыт бойы өзіне лайықты жұмыс таба алмай жүрген. Жұмыспен қамту орталығында оған таңдау үшін бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды және ол өз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа орналасуға шешім қабылдады.

- «Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға бағдарлама бойынша жұмыс тапқан досым кеңес берді. Мен бес ай бойы әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Оның үш айында – ұйымның штатында тұрақты қызметкер ретінде қызмет етудемін. Өзіме ұнайды, перспектива бар», – деді жас жігіт.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тағы бір қатысушысы Әлімжан Хасан Жетісай қаласының Жастар ресурстық орталығында тұрақты жұмысқа орналасты. Осы өңірде, бірақ №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Эламан Тұрдымұратов орналасты.

Сонымен қатар, Түркістан облысында кәсіпкерлік бастаманы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданының тұрғыны Фатима Рузиева жеңілдетілген шарттармен микрокредит алып, 15 тігін машинасын сатып алып, камуфляж киімін тігетін цех ашып, қосымша 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер