Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі басты назарда

Screenshot_9.jpg

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әрқашан қамқорлыққа, қолдап-демеуге мұқтаж. Жас баладай көңілшек болады. Кішігірім жақсылыққа әсерленіп, көңілдері толқиды. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамнан жырақтап қалуға жол бермес мақсатында оларды әрқашан іздеп, мәселелерінің оң шешімін табуға ықпал ету керек. 

Осы орайда жақында Қазығұрт ауданы әкімдігінде жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көмекші мамандарының мәселелері қаралды. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Кулимов, жеке көмекші мамандарының қызметін пайдаланатын бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жеке көмекшілер, жеке көмекшілердің қызметін ұсынатын «Ақсукент», «Мейірім» қоғамдық бірлестіктері қатысты.

Жиында жеке көмекшілердің қызметіне ақы төлеу, әлеуметтік аударымдары туралы мәселелері талқыланып, қолданыстағы заңнамалар түсіндірілді. Көпшілік өздері білмейтін жайттарға байланысты сұрақтар қойып тиісті тұщымды жауаптар алды.  

Жиыннан соң, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жеке көмекшілердің жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіліп, мәселелері тыңдалды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер