Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.
Аталған акция барысында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психолог маманы Алия Базарбайқызы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аселхан Божикенова қала аумағындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астында мұғалімдер мен жасөспірімдердің қатысуымен флешмоб өткізді. Іс-шара барысында халықты ақпараттандыру үшін қоғамдық орындарда 400-ге жуық жаднамалар таратылды. Сонымен қатар зорлыққа тап болған әйелдерге өздерінің құқықтары қорғалатындығы туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері бұндай шаралар әйелдердің құқығын қорғайтын ең маңызды кездесу екендігін айта кетті. Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетері, маусым айының 13 жұлдызынан бастап республика көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы іске асуда. Бұл акция - азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобын отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық- зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысын жүзеге асыруға бағытталған.
Аталған акция аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және "Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі" сектор мамандары, Ана мен Балаға арналған «КӨМЕК» дағдарыс орталығына арнайы барып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аналармен кездесу өткізді. Кездесудің бастапқы мақсаты- консультативтік құқықтық кеңес, психологиялық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту болды. Жиынға қатысқандар ондағы өмірлері жайлы айтып, полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері тұрғындарға, жақын туыстарыңыз немесе өзіңіз зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз, мемлекет тарапынан бірқатар көмек түрін ақысыз ала алатындықтарыңызды еске салады.