«26-маусым Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» күніне орай Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 1 ай бойы өзгелерге үлгі боларлықтай іс-шаралар ұйымдастыруда. Осы мақсаттағы шараның бірі - «Өмір қайығымен есірткісіз болашаққа» ұранымен Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткізілді.
Тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын демалыс, ойын-сауықтық аймақта Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына есірткіге қарсы жаднамалар таратып, оның зияндылығы туралы түсіндіру жұмыстарын атқарды. Полицейлер бұл шараға жастарды қатыстырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Өз кезегінде жас буын «Есірткісіз болашақ!» атты ескертулерін «Керуен сарайдағы қайықтармен алып жүріп, өзгелерге үгіт-насихат жүргізді. Мұндағы негізгі мақсаты - есірткі қылмысына тосқауыл қою, алдын алу және болдырмау.
-Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Зиянды әдеттерден аулақ болып, заңмен тыйым салынған дүниелерге мүлде жоламайық! Жақынымызға жанашыр болайық!-деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.