Жүргізушінің ақшасын жымқырып кеткен ер адам ұсталды

289403128_1415265995615751_7117289894457578428_n.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның «Ауди 100» маркалы автокөлігінің ішінен 225 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Сұрастыру жұмыстарының барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті жәбірленушінің танысы Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. 

Анықталғандай жәбірленуші мен күдікті ер адам қарбыз сатып алу үшін ауылдарды бірге аралаған. Осы сәтте сезікті арам ойын іске асырып, ақшаны ұрлаған. Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде ақшаның бір бөлігін тәркіледі, қалғанын күдікті бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

-Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға қаражаттарыңызға, құнды заттарыңызға сақ болуды ескертеді. Кез-келген адамға сенім артпау керектігіне кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз,-деп хабарлайды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер