Жайылымнан мал ұрлаған күдіктілер қамауға алынды

13.jpg

Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген 6 бас саулық қойын, 2 бас қозысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 430 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлер жақын аумақты түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының үш тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар ұрлыққа түнгі уақытта бақташының жоқтығын пайдаланып барған. Күдіктілер ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

-Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ келеңсіз жағдайларды бодырмас үшін жайылымдық жерлерде бақташысыз қалдырмай, үшжақты келісім жасау керектігін еске салады. Мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді,-деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер