Әлихан Әмір: «Криминалистика –үлкен ғылым»

14.jpg

Полицияның қызметі қашан да халықтың көз алдында. Олар әрдайым тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болады. Бірақ бәрі бірдей емес. Әр полицейдің өзінің қызметіне сай жүктелген міндеттері бар. Осылардың ішінде жұрт көзіне түсе бермейтін, алайда жұмыс  барысында ең маңызды орынды иеленген криминалистика саласы.  Бұл қызмет мол тәжірибе мен төзімділікті қажет етеді. Ол үшін біршама жылдар қажет. Алайда жас та болса алғырлығымен көзге түсіп жүрген 25 жастағы Әлихан Әмірдің бұл қызметке деген құлшынысы ерекше. Қызметке келген күннен бастап 3 жыл ішінде бірталай білім жинап үлгергені де байқалады. 

 Жалпы қылмыстардың ашылуы криминалистердің сауатты жұмысына тікелей байланысты. Қазіргі таңда бұл қызметке озық технологиялар мен жаңа құрылғылар келсе де бәрібір адамның жүйелі әрекетінсіз ештеңе бітпейді. 

– Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын 2019 жылы  тәмамдаған соң Кентау қалалық полиция бөлімінде анықтаушы болып, алғаш еңбек жолымды бастадым. Содан аздап тәжірибе жинақтаған  соң көп ұзамай Мақтаарал аудандық полиция бөліміне криминалистика саласы бойынша  қызметке ауыстым. Жас болған соң білгің келетін, үйренгің келетін дүниелер көп болады. Криминалистиканың да қыр-сырын меңгеру оңай емес. Аз уақыт ішінде бірталай білім жинағаным да рас. Бірақ «білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегендей, өз ісіңнің  білікті маманы болу үшін, көп тер төгуге тура келеді. Криминалистика бір жағынан алып қарағанда үлкен ғылым. Мұндай ғылым  алғаш Грекия елінде пайда болған.  Содан бері өз маңызын жоғалтпаған криминологиялық сараптаулар қылмысты ашу кезінде шешуші рөл атқарады.

 Полицей болуды бала кезден армандаған аға лейтенант қашанда айналасындағыларға көмек беруге дайын жүреді.  Керек жерінде  мұқтаж жанға қол ұшын беру парыз деп түсінетін Әлихан тұрғындардан мақтау сөздер естіп, алғыс алған сайын  жұмысына екі есе құлшыныспен кіріседі. Себебі ол кім үшін қызмет етіп, не үшін жұмыс жасап жүргенін жақсы біледі. Қазіргі таңда 1 қыздың әкесі көп уақытын жұмысқа бөліп жүр. Жас кезінде қиналып, ауырдың астымен жүруге дағдыланып, сынақтардан дер кезінде өтіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенді жөн көреді. Жас криминалистің талабына нұр жауып, қабілет-қарымы шыңдалып,  келешек барлық атақ-дәрежеге адал еңбегі, темірдей төзімділігінің арқасында  жетуіне тілектеспіз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер