Бала үшін ата-ана жауапты

23.jpg

Полицейлер кәмелетке толмаған 100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданының полицейлері түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осы бағытта полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып,  кәмелет жасына толмаған 100-ден аса жасқспірімге ата-аналарының қарауынсыз жүрмеуін ескертті. Полицейлер қала аумағында халық көп баратын орындарға,  саябақтарға барып, түнгі сағат 22:00-ден соң, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатындығы жайлы ескертулер жасады. Егер де, екінші рет қайталанған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығын түсіндірді.

Сонымен қатар полицейлер кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен ойын алаңшаларының, компьютер клубтарының, кафелер мен мейрамханалардың иелеріне шара көрілетіндігі туралы еске салады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың басты міндеті. Олардың қатысуымен болатын түрлі құқық бұзушылықты болдырмас үшін, ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауы керек. Түнгі уақытта қараусыз жібермей, оларға жауапты болуы тиіс.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер