«Заңсыз келуші-2022» шарасы өтуде

2.jpg

         

Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында «Заңсыз келуші» профилактикалық шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты -көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына келіп кетуі мен республикада болу ережелерін сақтау болып табылады. 

Осы профилактикалық шараның 1 күнінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-тармағына сәйкес «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» 1 азаматқа, Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз жұмыс жасауға рұқсат қағазын алмай жұмыс істеп жүрген 11 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен хаттама толтырылып, 2 азамат ҚР аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар шетел азаматының заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша 1 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар полицейлер тарапынан әлі де жалғасын таба бермек. 




       

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер