Күдікті көршісі болып шықты

4.jpg

Түркістан облысының полицейлері көршісінің  1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, шкаф ішінде тұрған 11 дана алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Анықталғандай күдікті қаражат қажеттілігіне байланысты осындай қадамға барған. Ер адам түнгі уақытта үйде ешкімнің болмағанын байқап,  арам ойын іске асырған. Сезікті терезе арқылы үйге кіріп, алтын бұйымдарды  жымқырып, жартысын белгісіз біреуге сатып, қалғанын ломбардқа өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер ломбардқа өткізген алтынды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

-Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар,-деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер