Есірткіні сақтау-қылмыс

9.jpg

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні тасымалдау, сақтау қылмыс екенін үнемі еске салып отырады.  Яғни есірткімен күрес - олардың күн тәртібінен түскен емес.

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі сақтайтынын анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тапты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат «кептірілген марихуана» болып шықты.  Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер