Ыдыс-аяқ ұрлаған күдікті ұсталды

18.jpg

Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйінде ешкім болмағандығын пайдаланып, белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Ұры жәбірленушінің үйінен түрлі ыдыс-аяқтарды ұрлап кеткен. Тұрғынға келген шығын көлемі 60 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.


Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына бірден келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам  ішімдік алу мақсатында осындай қадамға барған. Ол жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, өзімен бірге арнайы шеге суырғыш құрылғысын апарып, ағаш есікті бұзып кірген. Сезікті ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер оның сатқан заттарын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

-Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмау үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Үйлеріңізге, ғимараттарға, дүкендерге арнайы бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді,-деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер