Бақылау камералары жұмысты жеңілдетеді


19.jpg

Түркістан облысында бейнебақылау камераларының жұмыс сапасына  қатысты кездесу өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бейнебақылау камералары – құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, сонымен қатар қадағалауға  пайдасы зор. Бұл камералар полиция қызметкерлерінің жұмыстарын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, осы көмекші құрал арқылы іздеген жоғын табады, ұрлықтың жолы кесіледі. Осы тұрғыда Түркістан облысы әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өтті. Бұл шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Сәбит Бахтығалиев, Ақпарат және байланыс басқармасының бастығы Дмитрий Буташев және Түркістан қаласы әкімі аппаратының Цифрландыру бөлімінің басшысы Аширхан Абдихадиров, облыс әкімдігінің цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы, «Көркем Телеком» ЖШС Абзал Саттаров қатысты. Жиналғандар бейнебақылау камераларының тиімділігі мен болашақта азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын бейнебақылау камералары туралы кеңінен талқылап, зерделеді. Одан бөлек жедел басқару орталығына қосылған 1035 бейнебақылау камераларының жұмыс тиімділігін тексерді. Айта кетсек, облыс бойынша 1 303 бейнебақылау камералары орнатылып, оның 1035 данасы жедел басқару орталығына қосылған. Қазіргі таңда 81 камера істен шығып, жөндеу жұмысына берілді. Сонымен қатар «Сергек» камераларын қосымша қою туралы шешім қабылданды.

Ал облыс орталығы - Түркістан қаласында 56 дана «Пелко» бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінде қасиетті өңірімізге келушілер саны жыл сайын көбейгендіктен және жаңа мөлтекаудандардың құрылуына байланысты бейнебақылау камераларын арттыру жұмысы басты орында. Осыған байланысты камераларды қажетті аумақтарға қою жұмысы қарастырылуда.

Жиналыс соңында Полиция департаменті мен әкімдік қызметкерлері бейнебақылау камераларының жұмысы бойынша кездесулер ұйымдастырып,  жұмысты жандандыруға уағдаласты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер