Жоғалған қыз Алматыдан табылды

20.jpg

Түркістан облысында үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жасар қыз Алматы қаласынан табылды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Ер азамат бір күн алдын таңғы сағат 08:30 шамасында қарындасының үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің ағасы өз бетінше іздеулерінен еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрап келген.

Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері ақпарат алысымен толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына, тіпті республика көлемінде полицияларға  бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған 16 жасар қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде полицейлермен 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласы саябақтарының бірінде қыдырып жүрген жерінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. 

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай жасөспірім қыз анасымен сөзге келіспей үйінен шығып кеткен. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған туыстары полицейлерге алғысын білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер