Жасөспірімдер арасында қылмыс көбіне түнде жасалады

21.jpg

Түркістан облысының полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес 27-29 маусым аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүру ережелері, бала еңбегін пайдалану деректерін анықтау.

Профилактикалық шара кезінде Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта аудан аумағындағы адам көп шоғырланатын жерлерді, көлік жуу орталығын, базарларды барып тексерді.

Тәртіп сақшылары ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалап, балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүріс-тұрысын үнемі бақылауда ұстау және түнгі уақытта көшеге жібермеуге кеңес берді. Себебі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.

Айта кететін жайт бұл бағыттағы шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер