Түркістан облысы Мақтаарал ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ұлтарлық араздықтың алдын алу мәселесі бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Өздеріңізге мәлім Мақтаарал ауданының халық саны 134 900 адамды құраса, оның 28 500 өзге ұлт өкілдері, яғни 25%-ын құрайды.
Ұлттар арасындағы татулықты сақтау бағытынды аудан прокуратурасы полиция, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатқан. Бұдан бөлек, мәдени-этнос орталықтарымен тұрақты қарым-қатынас бар.
Өзге ұлт өкілдері арасында орын алған оқиғалар қатаң бақылауда. Дегенмен, жыл басынан бері түрлі ұлттар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтар жиі орын алуда және олардың соңы ұлтаралық мәселеге жалғасып кетуде (7 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген). Орын алып жатқан қылмыстық оқиғалар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Шын мәнінде аудан көлемінде түрлі ұлттар арасындағы тіркеліп жатқан құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен реттелуі тиіс. Алайда, кейбір деструктивті топтар, жеке адамдар әлеуметтік желілер арқылы мұндай фактілерді бұрмалап, халық арасында жалған мәлімет таратып, соның салдарынан ұлтаралық мәселеге әкеп соғу қаупін туғызуда.
Осыған орай, аудан прокуратурасымен мәселенің өзектілігін ескере отырып, Мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Аталған жиынға жергілікті атқарушы органның, Мақтаарал АПБ-мі, ҚР ҰҚК ТОД Мақтаарал аудандық бөлімі, аудандық сот төрағасының, ауылдық округ әкімдері, мәдени-этностық орталық төрағалары және бұқаралы ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Мәжіліс нәтижесімен құзырлы органдарға аталған бағытта жұмыстардың тиімділігін арттыру туралы бағыт бағдар берілді.
Мақтаарал ауданы прокуратурасы