Кеурек қазғандарға қарсы күрес күшейтілді

32.jpg

   Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында  өзге елдерге «ферула» деген атпен танымал  емдік қасиеті бар  «кеурек» өсімдігін заңсыз  қазатындармен күрес күннен-күнге күшеюде.

 Біздің  өңірде көктем айы туған шақта «Қызыл кітапқа» енген бұл дәрілік шөпке заңсыз қол салатындардың қатары  көбейіп кетеді. Тіпті көрші мемлекеттерден де келіп «Кеурек» қазумен айналысатындар жетерлік. Осыған орай  жойылуға аз-ақ қалған дәрілік шөпті қорғап қалу, заңбұзушылықты болдырмау аясында  полиция қызметкерлеріне қатаң тапсырмалар жүктегенмін. Биылғы мамыр айы басталғалы бері  Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келіп, аймақтағы далалық алқаптарда заңсыз кеурек(ферула) қазумен айналысқан 150-ден астам азамат ұсталды. Бұған қоса олардың көші-қон заңнамасын бұзғандықтары да  белгілі болды. Мен дереу бұл азаматтарды әкімшілік қамауға алуға бұйрық беріп,  сақшыларға дәрілік шөпті қазуға шетелдік жұмыс күшін тартқан азаматтарды анықтауды тапсырдым. Нәтижесінде, Отырар ауданында 33 (Тәжікстан) және Арыс ауданында - 101 (Өзбекстан) заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен  «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, 100-ден астам шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

   Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама түзілді.

   Жалпы еліміздің дархан даласында 6000-нан астам өсімдік түрі бар. Ал оның 760-ы ешбір елде кездеспейтіндігі, тек Қазақстан  жерінде ғана өсетіндігі ғылыми дәлелденген. Емдік қасиеті зор сирек кездесетін  өсімдіктер біздің құнды байлығымыз. Оларды қорғау заң жүзінде бекітілген. Сондықтан бұл тұрғыда полиция қызметкерлеріне көп міндет жүктеліп отыр. Бүгінде 10 астам түрге бөлінетін кеурек өсімдігінің өрісін кеңейтіп, санын көбейтуге бәрімізде ат салысуымыз керек. Егер қандай да бір залал келтіретіндер болса заң аясында жауап беретіндігін еске саламын.

Гүлнәр Әбдіжаппарова,

Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер