Мұрат Қабденов: Қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресу керек

36.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың  тыныш һәм бейбіт заманда өмір сүруін қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Келешек еліміздің құқықтық тәртібін сақтап, қазақ полициясының қызметін жандандыратын да өскелең ұрпақ. Сондықтан құқық қорғау саласының қызметкерлері балаларды назардан тыс қалдырмайды. Әрбір полицей қызметтік борышымен қатар азаматтық міндетін де ұмытпауы керек. Бала өмірде өзінің жолын іздейді, түрлі салаға еліктейді. Олардың арасынада полиция қызметкері болғысы келетіндер аз емес. Міне бәрі осы қызығушылықтан басталады. Біздің қазіргі сақшылар жасөспірімдерге  үлгі боларлықтай кәсіби маман болуы қажет.  Жауапкершілігі мол тәртіпке бағынған, сөйлеген сөзі мен істеген ісі бір жерден шығатын, антына адал полицейдің асқақ образы балаларды өзіне баурап алары сөзсіз. 

-Мен аудандық, қалалық полиция басқарма, бөлімдеріне мүмкіндігінше жасөспірімдермен жақын араласып, олармен дәріс сабақтарын, арнайы іс-шараларды мейілінше жиі өткізуді міндеттеймін. Қызметкерлерде барын салып бағуда әсіресе мектеп жасындағылар арасында денсаулықтың қадірін ұғындырып, спорттық жарыстарды тұрақты ұйымдастырып отырады. Бұл нені білдіреді? Яғни полицияның сервистік моделінің негізгі міндеттерінің  бірі – қылмыстың салдарымен емес себебімен күресу. Балаға осы бастан өмір сүру салтын дұрыс қалыптастыруға бағыт-бағдар беру, оны келешек ішімдікке әуестіктен, есірткіге тәуелділіктен аулақ қылады. Бұзақылықтың бәрі осындай зиянды заттардан басталады. Дені сау ұрпақ қоғамға ешқандай залал келтірмейді. Жыл басынан бері сақшылар жасөспірімдерге арнап 22 спорттық турнир өткізген екен. Мұндай салауатты өмір салтына бейімдеуге арналған сайыстар әлі де жалғасын таба береді. Мен осы балалар полицияның жұмысын  білсін, жаңа технологиялармен таныссын, замануи құрылғылардың қалай іске қосылғанын өз көздерімен көрсін деп, барлық аудан, қалалардағы полиция басқарма, бөлімдеріне экскурсия ұйымдастыру керектігін айтып, бастама көтерген болатынмын.  Және осыған сәйкес  өзім басшылық жасап отырған полиция департаментінің ғимаратын аралап көрсетуге  мектеп оқушыларын арнайы шақырдым. Әсіресе биыл мектеп бітірушілердің қызығушылықтары ерекше болды. Бізге де керегі сол. Полиция қызметінің заманнан қалмай дамып келе жатқандығын, реформалардың іске асқандығын оларға ұғындыру. Қазіргі жасөспірімдер, шыншыл әрі ойын еркін айтады. Бәрін біліп, үйренуге құмар. Бізге зейнет жасына ерте шығамын деп емес, осы бір кірпіш тектес  мемлекеттің кетігін тауып қалануға асыққан жауапты, талапшыл жастар қажет,-дейді ТҮркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы, полицитя генерал-майоры Мұрат Қабденов. 

    Содан бері мұндай экскурсияны аудандағы, қаладағы қызметкерлер тұрақты ұйымдастырып отыруды әдетке айналдырып келеді. Олар  уақытша ұстау изоляторларын да оқушыларға таныстырып, ол жерде кімдер болатынын, не үшін отыратынын айтып түсіндірген.  Мұның да балалардың бұзақылықтан аяқтан тартуына бірталай септігін тигізеді. Полицейлер бүгінге дейін бұл бағытта 20-дан астам іс-шара ұйымдастырған. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары балаларды  10-нан астам тарихи мекендерге, табиғат аясына саяхатқа алып шығып, оларға рухани қолдау білдіріп, таным-түйсіктерін кеңейтуге ат салысудан қалыс қалған емес. 

- Көбіне қарбалас жұмыстан қол тимей кетеді. Кейде сәл тыныққан сәтте ойланып отыра қалсаң, осындай жасалып жатқан істерді көріп, жаңа реформаның жүзеге асып, полицияның сервистік моделінің аз да болса нәтиже беріп жатқандығын көріп, шабыттана түсесің. Бәрі бірден өзгеруі мүмкін емес, бірте-бірте осылай үлкен жетістіктерге жетеміз. Тамшының тұрақтылығы тасты тесіп өтетіндігі баршаңызға аян,-дейді генерал. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер