39 көлік айыптұраққа қойылды

7.jpg

Түркістан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы кезінде патрульдік полицейлермен 1600-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы өтуде.

Патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударды.

Тәртіп сақшылары шара басталған 5 тәулік ішінде 1568 әкімшілік хаттама түзді. Оның ішінде мас халде автокөлік басқарғаны үшін - 4, жалған мемлекеттік нөмір таққан – 2, қарсы бағытқа шыққаны үшін – 4 хаттама толтырды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық автокөліктерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, 69 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтар болсақ, 4 автобус заңсыз жатын салонымен жабдықталғаны анықталып,  мемлекеттік белгісі алынды. Жалпы айыптұраққа  39 автокөлік қойылды.

Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жасайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер