«Қауіпсіз жол» шарасы өтіп жатыр

12.jpg

Түлкібастық полицейлер "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы кезінде  230-ға жуық  құқық бұзушылықты анықтап, 9 автокөлікті айыптұраққа қойды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы аумағында биылғы жылы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат - жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады. Іс-шара барысында қозғалыс қауіпсіздігі үшін автожолдардың апатты-қауіпті учаскелері мен жөндеу жұмыстары орындары да қосымша тексеріледі. Патрульдік полицияның мақсаты – жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің алдын алу. Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзу, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде көлікті басқару және тағы басқа құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі.

   Осыған орай Түлкібас АПБ қызметкерлері  күні-түні тыңғылықты жұмыстар атқаруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлік қозғалысын реттеу үшін арнайы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде түлкібастық полицейлер 4 күн ішінде   230-ға жуық  құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік шара көрді. Атап айтсақ, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы " Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" - 73, 590-бабы "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу"-22, 591-бабы  "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы" -23 және  595-бабы" Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша 7 хаттама толтырылды.   Сондай-ақ 9  автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері барша көлік басқару құқығына ие азаматтарға құқық бұзушылыққа бармай, өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтап жүру керектігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер